
29 января, 2024
«Өмір деген махаббат» тақырыбындағы кездесу
Қаңтар айының 19 жұлдызында Алтынбек Сарсенбайұлы атындағы орта мектепте мектеп мейірбикесі Шукеева Маржан ұйымдастыруымен “ Өмір деген махаббат” атты қыздар жиналысы болып өтті.
Жиналыста қазіргі қоғамдағы қыздарға қатысты негізгі мәселелер қаралды. “Ерте жүктіліктің алдын алу” , “Тұрмыстық зорлық- зомбылық” , “Суицидтің алдын алу” , “ Нашақорлық” , “ Темекіден бас тарт!” , “ Зиянды әдеттерден аулақ бол!” , “ Қыз тәрбиесі” тақырыптарында әңгіме қозғалып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар жиналысқа Сарыжаз ауылдық аналар кеңесінің төрайымы Сарыбаева Зина және мектеп психологы Сакенова Жанар қатысып, өз ойларымен бөлісті.