
📢 Райымбек аудандық ауруханасында 2024 жылдың 11 айының қортындысы бойынша «Бақылау кеңесі» отырысы өтті!

🔹 Күні: 10 желтоқсан 2024 жыл
🔹 Уақыты: 15:00
🔹 Форматы: Онлайн (Zoom арқылы)
Кеңес барысында төмендегі күн тәртібі талқыланды:
2024 жылдың 11 айындағы қаржылық және шаруашылық қызметтің қорытындылары;
Емдеу және профилактикалық қызмет нәтижелері туралы есеп;
2024 жылға бекітілген даму жоспарының орындалуының талдауы;
Даму жоспарына енгізілген түзетулер мен жаңа міндеттерді қарастыру;
DamuMed медициналық ақпараттық жүйесіне ауысу мәселесін талқылау;
Госпитальдық фармация бөлімшесін ашу қажеттілігін талдау;
2025 жылға жоспарланған аудиторлық тексеріс бойынша дайындық;
2025 жылға арналған даму жоспарын бекіту;
Комплаенс офицердің есебі және ұсыныстары;
🔟 Әртүрлі өзекті мәселелерді талқылау;
Кеңестің қорытындысында алдағы уақытқа стратегиялық жоспарлар айқындалып, маңызды шешімдер қабылданды.
Біз цифрландыру және аурухананың сапасын жақсарту жолында аянбай еңбек етеміз!
📌 Қосымша ақпарат пен жаңалықтарды біздің парақшамыздан бақылап отырыңыз.